
Janik: Ассаламу алайкум қазақ елі. Қысқаша айтқанда көлік өз бағасына тұрарлық. Ең бірінші қызыққаным РАСХОДЫ еді. Бірақ өкінішке орай 2.9л деген шли енді.4л болса әдемі. Менің стилімде 5.5 — 6 л жеп отыр. Бәлкім әлі обкада болған соң шығар. Полный бак 65л 1150км жетті оның 1000км қалада 150км трасса (трассада 125-130км/сағ ұстап отырдым грубо айтқанда 35-40квт көрсетіп отырды есептеп көріңіздер квт л ге аударып).3-4 л тек қатты разгон алмай пенсионер режимінде жетуге болады и то қалада, ал трассада 110мен жүрсең 4-5л жеп қояды ау. Түсінгенім көлік жоғары жылдамдыққа арналмаған таза қалалық көлік. Бірақ өте жұмсақ көлік шаршатпайды. Енді баспай айдайм дейтіндерге өте керемет тұлпар. А так 5-6 л өзі керемет көрсеткіш негізі. Ат күші 2.5 атмодан мықты примерно 3.5 сияқты жүгіреді. Негізі бағасы жағынан бірдей 9.5-10млн көлеміндегі көліктермен салыстырмайсың однозначно жоғары бағасына тұрарлық. Өте көп фишкалары бар автопарковка, лидар, автопилот, 12 камерасы бар, телефон арқылы парковка жасауға болады бірақ мастер аккаунт кк. Кімге қызық болса көрсетейн. Реклама емес. Менеджер емеспін. Көлік бір сөзбен айтқанда бағасына сай тұлпар. Көріңіздер өкінбейсіздер. Обкадан шыға берсін тағы да отзыв жазармын. Әр қазағыма жаңа көлік берекелі хайырлы көлік нәсіп етсін Аллахым.
Қалдыбек: Бұл көлікпен әні міні деп 20 000 км артта қалдырдым Жүрісі жігіттер керемет балқиды трассада және қалада өзіне уверенно жүреді, артқы ходовкасы многорычажка, мүмкін олда әсер етеді, сенімді жүруіне, ходовкасы камриден кем емес, Салонына тоқталсам алдыңғы панелі ұзына бойы жалғасқан глянсы кеңдің пен зор вид береді, артына 3 адам емін еркін сияды себебі кеңдің және астыңғы полдың тегістігі, Кожасы өте ыңғайлы терлетпейді сапасы ұнады, трассада бел ауыртпайды, таңнан кешке дейін таксовка жасағанда шаршау немесе ауырсыну болмайды. Өте экономды көлік бір бакпен Алматыдан-Астанаға 1300 км жеттім және артылып қалды. Қала ішінде 4-5 л расход Тартысы өте керемет тез алады 7, 5 секунд 100 ге жүріп тұр тексердім, бұл 2, 5 камриді ұйықтатады деген сөз) Жарысатын көлік емес әрине, бірақ керек кезде ұялдырмайды Газды басқанда бірден ойланбай жүреді, жай машиналар сияқты ойланбайды. Рекупирация болғаны себепті колодканы кемінде 60-80 тіпті 100 мың км да бір ауыстыруға болады. Разболтовка камри алфардтікі дәл келеді. Кузовқа келсек Цинк бар барлық жерінде крышадан басқа. Фарасы реально жақсы жанады заводской болса да, Алды артынан BYD HAN нан аумайды інісі десекте болады) Енді мен бұған дейін Немісті де айдадым Жапонның камриінде айдадым. Бірақ қытай мені таңқалдырды Сапа мен Баға тең бұл көлікте Өз бағасына стоит көлік 9, 6 млнға алдым Маусым айында 2025 жылы Көлікті алғаныма 3 ай өтседе күнде таңқалдырып келеді өзінің ерекшеліктерімен Қаласаң электро қылып айдайсың ол 60 км ге жетеді немесе гибрид қылып айда бензин құйып өз өзін зарядтап кете береді Не үшін гибрид? Себебі маған УАҚЫТ қымбат күніне бір сағаттан арнаған уақытым бір жылда 365 сағат болады, бұл кем дегенде санағанда себебі зарядтайтын жерге баруды есепте онда тұруды есепте сомен қайту уақытын есепте саған сол күнде керек пе жалпы! Миың қысылмайды Алыс жолға жете ме заряд жетпей ме деп уайымдамайсың бензин құйасыңда кете бересің. Жалпы айта берсең артықшылығы көп Болашақ Гибрид көліктерде! Маған қатты ұнады көлік өте ақылды көлік