2019 года, КПП Автомат, 1.6 л.
Срок владения: Более 2 лет
Баке: Ассалаумағалейкум құрметті автосүйер ағайын. Обьемі 1, 6 автомат, передний привод базовый комплектация Хюндай Кретаны 2019 да алып, 130 мың км жүріп (4, 5жыл) 2023 тің аяғында саттым. Неше түрлі машина айдап көрдім. Бірақ Крета маған ерекше ұнады. Бензин жемейді, шағын, парковкада проблема емес. Салон іші кең, сиденьелер құлайды, тегіс спальня болып шыға келеді. Май ауыстыру 15-20 мың тг. Шумоизоляциясы өте жақсы, печкасы қыста Самарканд, кондиционері жазды Чукотка, Мурманск қылады. Смело ала беріңіздер. Еш өкінбейсіздер.