
Асима: Сонатаны достарымның айтуы бойынша алдым. Шынымен де кең, өте жайлы машина. Ниссан Тиида машинасымен 3жылдай рахаттанып жүрген соң, сатып жаңалауын алайын деп іздегенде бірнеше варианттар шықты. Негізі кроссовер іздегенмін, бірақ қолымда бар суммаға жөні дұрысын таппаған соң, осы вариантты алып сатар танысым ұсынды. Алдым, басында ұнамады, тым төмен, салақұлаш ұзын сияқты болып көрінді. Барлық кетіп тұрған жерлерін біліп, бастысы мотор мен коробкасы, сүйегі сау болса болды деген оймен алдым. Өзім үшін автозавод, андройд қойдырып, алдыңғы сынған терезесін ауыстырдым. Ходовкасын тексертіп, колодкасын, майларын, барлық фильтрларын ауыстырдым. Алғалы 10000 км жүрдім. Күннен күнге ұнап жатыр. Трассада өте жақсы жүреді, ыңғайлы, ақшаға эконом. Бұрында аптасына 10-12мыңға құйсам, қазір 5000 теңге артығымен жетеді. Газ атылады, масқара деген адамдарға айтарым, бұл машина таза заводтан газбен жасалған, барлық құрылғылар соған лайықталған. Машинаның іші кең. Маған түскен экземпляр жақсы жағдайда кездесті. Машина алар алдында салоннан Қытайдың Чанган 55, Хавал немесе таза кәріс машинасы таңдауда болды. Сонатаны таңдағаныма өкінбеймін.
Нұржан: Бұл көлікті жылы жаңа әрі әдемі бағасы тиімді болғасын ұнатып алдым. Трассада жақсы, бірақ 2-лік болғасын сещдіртеді биіктікке мінерде. Ішкі және сыртқы дизайн әдемі. Жүрісі жақсы. Бізде Маңғыстауда газ таза болғасын қиналмай айдайсың.130-140 ұстасаң 150 км-ге 1/4 бак жейді. Кеңдігіне әңгіме жоқ, бірақ багаж тар. Газ баллон багажда орналасқан. Осыдан кейінгі DN8 кузовта корейлер ойланып запаска орнына салыпты Көлік өз құнын толық ақтайды. Жаңа ма жаңа. Таза ма таза. Биіктігі де жақсы, айдап жүргелі әлі астын тигізбедім